“Ауғанстан: Қауіпсіздік және экономикалық даму» халықаралық конференция өз жұмысын бастады

    Бүгін, 26 июль күні Ташкент қаласындағы «Hilton» қонақүйінде Президент Шавкат Мирзияевтың бастамасымен «Ауғанстан: Қауіпсіздік және экономикалық даму» тақырыбында халықаралық конференция өз жұмысын бастады. Шараны Сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Владимир Норов ашты.

    Беделді шараға Орталық және Оңтүстік Азия, Еуропа, Америка, Таяу және Орта Шығыс, Азия-Тынық мұхиты аумақтарының Ауғанстанда тұрақтылықты тіктеуге тікелей жұмылдырылған 20-дан астам елінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілдері, көптеген халықаралық және аумақтық ұйымдардың, сондай-ақ БҰҰ, Еуропа Одағы, БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО), Экономикалық ынтымақтастық ұйымының, Ислам ынтымақтастық ұйымының, Шанхай ынтымақтастық ұйымының басшылары мен мамандары, сондай-ақ Ауғанстан Уақытша үкіметінің делегациясы қатысуда.

    Конференцияда Ауғанстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайын тіктеу, ауған халқының қазіргі және болашақ ұрпақтарының көптен күткен бейбіт өмірін қамтамасыз етуге бағытталған инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру, тағы басқа да бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

    Сондай-ақ халықаралық конференция аясында көршілес Ауғанстандағы экономикалық тұрақтылықты қалпына келтіруге бағытталған гуманитарлық және инфрақұрылымдық жобалардың тұсаукесері өтеді.

    Конференцияда Президент Шавкат Мирзияевтың шара қатысушыларына жолдауын Сыртқы саясат мәселелері бойынша арнайы өкілі Абдулазиз Комилов оқыды.

    Содан соң Сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Владимир Норов БҰҰ-ның Бас хатшысы Антонио Гутерриштің конференцияға қатысушыларға құттықтауын оқыды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates