«Air Products» компаниясы «Uzbekistan GTL» кешеніне 1 миллиард долларлық инвестиция салады

    2023 жылдың 25 майында Өзбекстан Республикасы Үкіметі, «Air Products» және «Узбекнефтгаз» АҚ арасында келісімшартқа қол қойылды.

    Келісімшартта «Air Products» компаниясының 1 миллиард долларлық инвестициясына Қашқадария облысында құрылған «Uzbekistan GTL» зауыты үшін табиғи газды қайта өңдеу қондырғысын сатып алу мен пайдалану көзделген.

    2021 жылдың 25 декабрінде Қашқадария облысының Ғузор ауданында синтетикалық сұйық жанылғы өндіретін «Uzbekistan GTL» кешені іске қосылғанын естеріңізге саламыз. Бұл кешен әлемде бесінші болып табылады. Бұған дейін мұндай ірі кешендер Катар, Нигерия, Оңтүстік Африка және Малайзияда да осындай ірі кешендер салынған.

    «Мемлекеттің өсу қарқыны жоғары болған — Өзбекстанда мемлекеттің қолдауымен осы стартегиялық ынтымақтастық арқылы ең озық технологиялар мен білімімізді пайдалану мүмкіндігіне ие боламыз. Бұл келісім-шарт «Узбекнефтгаз» АҚ жоғары сапалы арзан жанармай өндіруге мүмкіндік береді. Біз осы ұзақ мерзімді және тұрақты серіктестіктің дамуын асыға күтеміз, сондай-ақ Өзбекстан мен Орталық Азия аймағындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерінен ризамыз», —деді айтты «Air Products» компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы, президенті және бас директоры Сейфи Гасеми.

    Сондай-ақ, «Air Products» компаниясының тәжірибесін пайдалана отырып, табиғи газды терең өңдеу негізінде жоғары қосымша құны бар өнімдерді өндіру тиімділігін арттыруға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, зиянды шығарындыларды азайтуға қол жеткізіледі.

    қпарат үшін айта кетейік, “Air Products” компаниясы әлемдегі жетекші өнеркәсіптік газ өндірушілердің бірі саналады және әлем базарында 80 жылдан астам жұмыс істеп келеді. Компанияның негізгі қызметі – атмосфералық және технологиялық газдарды өндіру мен түрлі салалар, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу мен мұнай химиясы үшін тиісті аспап-құралдарды шығарады.

    Сонымен қатар, «Air Products» сұйытылған газ өндіру технологиясы мен жабдықтарын жеткізіп беру бойынша әлемде жетекші, турбомашиналарды, мембраналық жүйелерді және криогендік контейнерлерді жеткізуде.

    Компания 2022 жылы 50-ден астам елде 12,7 миллиард долларлық сатылымдарды жүзеге асырды және ағымдағы базар капиталдануы шамамен 60 миллиард долларды құрайды. “Air Products” компаниясының мақсаты – қоршаған ортаға пайда әкелетін инновациялық шешімдерді жасау, тұрақты даму жолында жұмыс істеу, тұтынушылар, қауымдастық және әлем алдында тұрған проблемаларды шешу мүмкіндіктерін қайта қарауға қаратылған, деп хабарлайды «Узбекнефтгаз» АҚ-ның баспасөз қызметі.