баннер
23 Apr 2025
03:23

    Омандық кәсіпкерлер ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуде ынтымақтастық жасайды

    Омандық ірі шіркетпен Өзбекстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге бағытталған кәсіпорын құру мәселесі талқыланды.

    Өзбекстан Елшісі Абдусалам Хатамов Оманда өсімдік майлары мен олардың өнімдері, маргариндер, арнайы майлар, ас майлары, сары май, кетчуп және майонез өндіруге мамандандырылған “Areej Vegetable Oil & Derivatives SAOC” ірі компаниясының атқарушы директоры Салем Нассер аль-Бортманимен кездесті.

    Кездесудегі басты мақсаты – ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндіруге бағытталған бірлескен кәсіпорын құру және осы саладағы жұмыс істеп тұрған компанияларға инвестиция салу.

    Кездесу барысында «Areej Vegetable Oil & Derivatives SAOC» компаниясының Самарқант облысында инвестиция әкелу арқылы кетчуп өндіруге бағытталған кәсіпорын құру және Оманға томат пастасын импорттауды бастау мәселелері талқыланды.

    Омандық серіктеспен жақын күндері өзбек бизнесмендерінің қатысуымен онлайн кездесу өткізу, кейінірек компания өкілдерінің Өзбекстанға сапарын ұйымдастыруға келісілді, деп хабарлайды «Дунё» АА.

    No date selected
    April 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates
    Мы в Телеграм
    Text to speech