Хабарлануынша,
үстіміздегі жылдың сәуір айында Марк Риз азаматтық істер жөніндегі Учтепа
ауданаралық сотына авторлық құқықтың бұзылуы салдарынан келтірілген зиян үшін
өтемақы өндіру туралы талап арыз берген.
Сот істі қарап
шығып, жауапкер — университеттің жауапты қызметкері М. Чўтпўлатовтан
шағымданушының пайдасына базалық есептеу мөлшерінің 50 есесіне тең, яғни 20
миллион 600 мың сум көлемінде өтемақы өндіру туралы шешім шығарды.
Бұған дейін Марк
Риз Абдулла Қодирийдің “Өткен күндер” шығармасын 15 жыл бойы ағылшын тіліне “Bygone
Days” атауымен аударғаны, алайда оның электрондық нұсқасы рұқсатсыз
таратылғаны жөнінде Әділет министрлігіне жүгінген болатын.
Өтініш негізінде
жүргізілген тексеру барысында құқықбұзушылық фактісі анықталып, университеттің
жауапты қызметкеріне қатысты Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекстің 177¹-бабы
негізінде хаттама рәсімделіп, іс сотқа жіберілген.
Соттың бұған
дейінгі қаулысымен жауапты қызметкерге 2 миллион 60 мың сум айыппұл
тағайындалған, сондай-ақ шығарманың электрондық нұсқасын unilibrary.uz
жүйесінен өшіру міндеті жүктелген.
Заңнамаға сәйкес,
авторлық құқық бұзылған жағдайларда автор келтірілген шығынды өндірудің орнына
құқықбұзушыдан базалық есептеу мөлшерінің 20 есесінен 1000 есесіне дейін
өтемақы талап етуге құқылы.