Жүргізілген талдауға сәйкес, соңғы бес жылда интеллектуалды меншіктің кәсіпкерлік қызметіндегі пайдалану аясының артуы және кейбір бизнес өкілдерінің заңсыз кәсіпкерлік қызметке баруына байланысты бұл бағыттағы заң бұзушылықтар саны күрт өскен.
Атап айтқанда, 2023 жылы соттар интеллектуалды меншік нысандарының қорғауына қатысты 249-дан астам әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қарап, тиісті қаулылар қабылдаған.
Аталған заң жобасымен Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Әкімшілік жауапкершілік туралы және Азаматтық кодекстерге авторлық және сабақтас құқықтарды, сондай-ақ өнеркәсіптік меншік нысандарына болған құқықтарды бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтуді көздейтін тиісті өзгерістер мен қосымшалар енгізу ұсынылуда.
Заң жобасының қабылдануы қоғамда интеллектуалды меншік құқықтарын құрметтеуді қалыптастыруға және интеллектуалдық меншік иелерінің материалдық мүдделерін қорғауға, интеллектуалдық меншік саласындағы жауапкершілік шараларын күшейту арқылы контрафактілік өнімдердің айналымын тоқтатуға, сондай-ақ халықтың, соның ішінде кәсіпкерлік субъектілерінің интеллектуалдық меншік нысандарын заңды пайдалануына бойынша жауапкершілігін одан әрі арттыруға қызмет етеді.