Әндіжан – Хиуа – Әндіжан бағыты бойынша қосымша пойыз қатынауы жолға қойылды

    2022 жылдың 28 сентябрінен бастап «Әндіжан – Хиуа – Әндіжан» жолаушылар пойызы қатынай бастайды.

    Бұл туралы Өзбекстан Республикасы Транспорт министрлігінің ақпарат қызметі хабарлады.

    Ферғана аңғары мен еліміздің басқа аумақтарын теміржол көлігімен байланыстыру, сондай-ақ ішкі туризмді одан әрі дамыту мақсатында 2022 жылдың 28 сентябрінен бастап №651/652-санды «Әндіжан – Хиуа – Әндіжан» қосымша жолаушылар пойызы қатынауы жолға қойылады.

    № 651/652 «Әндіжан – Хиуа – Әндіжан» жолаушылар пойызы 2022 жылғы 28 сентябрьдің сәрсенбісінен бастап Әндіжаннан, ал Хиуадан 2022 жылғы 29 сентябрь аптаның бейсенбі күнінен бастап жолға шығады.

    Сондай-ақ, 2022 жылдың 29 сентябрінен бастап әр бейсенбі сайын Әндіжаннан қатынайтын «Әндіжан – Бұхара» жолаушылар пойызының бағыты Үргеніш станциясына дейін уақытша ұзартылады.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates