Әндіжан облысының өнеркәсіптік әлеуетін арттырудың жаңа мүмкіндіктері

    Бизнес 7 May 2022 1551

    Ағымдағы жылдың 6 майда Өзбекстан Республикасы Премьер-министрдің орынбасары – инвестициялар және сыртқы сауда министрі С.Умирзаков басшылығындағы жұмыс топ Әндіжан облысының экономикалық және өнеркәсіптік дамудың бүгінгі жағдайын үйрену мақсатында осы аумаққа аттанды.

    Сапар барысында инфрақұрылымның қазіргі жағдайы, жергілікті өнеркәсіп кәсіпорындары мен олардың өнімдері зерделенді.

    Кәсіпкерлермен және экспорттаушылармен өндіріс үдерісінің іс жүзіндік жақтары, өнім өндіру көлемін арттыру және өнімнің жаңа түрлерін игеру арқылы кәсіпорындардың қызметін кеңейту болашағы талқыланды.

    Сұхбатта тікелей кәсіпорындардың қазіргі жағдайын, технологиялық үдерісті және туындайтын өзекті мәселелерді үйренуге мүмкіндік берді. Проблемалар жан-жақты талқыланып, одан кейін нақты шешімдер әзірленді, оларды орындау мерзімдері мен жауапты атқарушылар белгіленді.

    Кәсіпкерлер мен экспорттаушылар жұмысшы топ мүшелерімен кәсіпорындарды одан әрі кеңейту және жаңғырту, ішкі және сыртқы базарларда сұранысқа ие, қосымша құны жоғары жаңа өнім түрлерін өндіруді жолға қою және игеру жоспарларымен бөлісті.

    Тікелей жер-жерлерде тиісті министрліктер, кеңселер, коммерциялық банктер және жергілікті атқарушы органдар кәсіпкерлерге қажетті қолдау көрсету шараларын белгіленді.

    Сонымен қатар, кәсіпорындарға сапары барысында пайдаланылмай жатқан резервтерді пайдалану және өнім өндірушілер мен экспортаушылармен жаңа жобаларды іске асыруда оларға жан-жақты практикалық көмек көрсету мақсатында олармен жаңадан ынтымақтастық жасау арқылы аумақтағы инвестициялық, өнеркәсіптік және экспорттық қызметті одан әрі кеңейту болашақтары үйренілді.

    Осыған байланысты жұмысшы топтың мүшелері – министрліктердің, кеңселердің және жергілікті атқарушы органдардың басшыларына инновациялық технологиялардан пайдалана отырып, толық циклді өндіріс орындарын көбейту, салааралық кооперацияны кеңейту және экспортты көлемін ұлғайту бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

    Инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандардың бүгінгі жай-күйін талдауы және өткізілге сапар қорытындылары бойынша жауапты басшыларға өз қызметін іскерлер аясында толық және үздіксіз ынтымақтастық жасауға, өнім өндіру нысандарының толық қуатта жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, жаңа жұмыс орындарын ашу және кәсіпкерлікті дамытуға баса назар аудару тапсырылды, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда мнистрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates