Айтуынша, тұрғындарға сыйлық немесе көмек ретінде теледидар, тоңазытқыш немесе жылытқыш сияқты тұрмыстық техниканы беру, бір жағынан, электр энергиясына шығынды көбейтуде. Қаржылық көмекке жүгінген азаматтар да көп жағдайда электр энергиясына қарыздарлыққа байланысты көмек сұрайды.
“ Үйлерді аралағанда, мереке күндері барғанда адамдарға теледидар немесе басқа техникалар сыйлағаннан, күн панелдерін тапсырсақ және орнатып берсек, олардың жанұясына жан-жақты тиімді пайда болады екен” — деді облыс әкімі.
Соның негізінде көмекке мұқтаж отбасыларға көмектесуде күн батареяларын тапсыруды жоспарлауда.
«Осы арқылы үйлердің электр энергиясы тұрақтанады, шығыны азаяды, төлемдерді төлеу, үйді жылыту оңайырақ болады және отбасының кейбір негізгі мәселелері шешіледі», - делінген хабарда.