Диалог барысында атап өтілгендей, соңғы жылдарда бірге атқарылған іс-әрекеттер нәтижесінде Өзбекстан-Америка стратегиялық серіктестігі екіжақты және аймақтық күн тәртібінің барлық салалар бойынша айтарлықтай жеделдеді. Өзара сенім мен құрмет қағидаттарына негізделген белсенді саяси диалог жүргізілуде.
В.Нуланд Америка тарапы Өзбекстанда жүргізіліп жатқан реформалар мен ашықтық саясатын қолдап-қуаттайтынын атап өтті. Ресми Вашингтонның Өзбекстанмен байланысы екіжақты деңгейде және «5+1» форматындағы қарым-қатынастарды нығайтуға дайын екендігі айтылды.
АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Өзбекстанның Орталық Азия елдерімен тату көршілік қарым-қатынастарды дамытудағы, сондай-ақ аумақаралық қарым-қатынастарды нығайтудағы бастамалары мен іс жүзіндік қадамдарын құптады. Еліміздің Ауғанстанда тұрақты бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізу, көрші елге ауқымды гуманитарлық көмек көрсету, инфрақұрылымдық және энергетикалық жобаларды жүзеге асырудағы іс-әрекеттері жоғары бағаланды.
Кездесу барысында түрлі деңгейдегі алдағы іс-шаралардың кестесі, сондай-ақ сауда-инвестициялық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды дамыту мәселелері туралы пікір алмасылды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.