“АрМи-2021”:VII Халықаралық әскери ойындарын Өзбекстан тарихи нәтижемен аяқтады.

    Әскери шекара 5 Sentabr 2021 1798

    Жылдың ең беделді халықаралық әскери жарыстарының бірі VII халықаралық әскери ойындары аяқталды. Онда Өзбекстан Қорғаныс министрлігі командасы да лайықты қатысып, тарихи нәтижелерді көрсетті.

    Үстіміздегі жылдың 22 авгусынан 4 сентябрьге дейін әлемнің 11 мемлекетінен аумағында өткізілген “АрМИ-2021” Халықаралық әскери ойындары жарысына 42 мемлекеттен жалпы 277 команда, былайша айтқанда, 5000-нан астам әскери қызметші өзара күш сынасты. Көңіл бөлетін жайт, Өзбекстан Республикасы командасы да осы беделді жарыстың 24 бағыты бойынша лайықты қатысты.

    Аталмыш сайыс барысында өкілдеріміз 4 алтын, 9 күміс және 4 қола медальдарды жеңіп алды, команда есебінде жарыс ұйымдастырушысынан кейінгі жүлделі 2-орынды иеледі.

    Сонымен қатар,

    “Содиқ дуст” ерлер командасы 1 алтын;

    “Содиқ дуст” әйелдер командасы 1 алтын;

    “Әскери-медициналық эстафета” командасы 1 алтын;

    “Дала ошхонаси” командасы 1 алтын медальді алды.

    Сонымен қатар бағыттарда күміс және қола медальдарды да жеңіп алды

    Жарыс барысында командалар жалпы 37 рекорд нәтижені көрсетіп, содан 10-ны Өзбекстан Республикасы есебіне жазылғанын айту орынды.

    Қытай Халық Республикасы 6, Беларусь және Үндістан Республикалары есебінде 2-ден.

    Сондай-ақ “Әскери-медициналық эстафета” жарысында өкілдеріміз 3 рекорд нәтижені жаңалады.

    Жерлестеріміз қол жеткізген жетістіктері шынайы тарихи нәтиже болды. Рекордтар бірінен соң бірі, медальдар болса тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына сыйлық болды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates