Жекпе-жек Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында «Жаһандық бокс форумы» аясында ұйымдастырылады.

Дәл осы күні Баходирге Бахрейн намысын қорғайтын, шығу тегі ресейлік Данис Латипов жекпе-жекке шығады.

Боксшылар 2020 жылдың март айында Оманда өткен лицензиялық турнирде кездесіп, ұпай саны бойынша Баходир жеңген еді.

Бұл жекпе-жек жаңадан құрылған IBA Pro бокс сериясы аясында өтеді. Сондай-ақ бокс сериясында Әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарының жеңімпаздары шаршы алаңға шығады деп күтілуде. Бұл жекпе-жектің форматы 5 раунд.

2023 жылдан бастап жекпе-жектерді 7 раундтық форматқа көшіруге болады. Жекпе-жектерді 5 төреші бағалайды.

Естеріңізге сала кетейік, Баходир Жалолов 27 ноябрь күні АҚШ-та жүргізуші Куртис Харперге қарсы рингке шығып, қарсыласын 4-раундта нокаутқа түсірген болатын.