Кездесуде тараптар Өзбекстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері мен болашағын талқылады, дамудың көптеген салаларындағы, атап айтқанда, 2030 жылға дейінгі кезеңде БҰҰ Жаһандық күн тәртібінің Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудағы конструктивті ынтымақтастықты жоғары бағалады.
Сұхбат басында Сенат Төрағасы қонақты елімізге сапарымен шынайы құттықтап, елде жүзеге асырылып жатқан кең көлемді рефоралар, жақсы көршілестік байланыстары, әйелдерді қолдап-қуаттау аясында жаратылған жағдайлар, адам құқығын қорғау, адам саудасы мен мәжбүрлі еңбекке қарсы күрес, заңдылықты жетілдіру бойынга жүзеге асырылып жатқан істер және нәтижелермен жақыннан таныстырды.
Әсіресе, Тұрақты даму мақсаттарын өмірге енгізу бойынша парламенттік бақылау механизмінің ұнамды практикасының жолға қойылғаны, 16 бағыт бойынша халықаралық стандарттарды ескеріп, ұлттық заңдылық пен ұйымдастырушылық-құқықтық базаны нығайту, институционалдық негіздерді дамыту бойынша жүйелі істердің жүзеге асырылып жатқаны тілге тиек етілді.
Өз кезегінде, Гви Йеоп Сон ханым шынайы қабылдау үшін ризашылық білдіріп, Жаһандық күн тәртібіндегі Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруда Өзбекстанның іс-әрекеттерін мойындады.
Конструктивті және іс жүзіндік негізінде өткен кездесуде қауіпсіздік, тұрақты даму, адам құқығын қорғау және ынталандыру, сонымен қатар, тыныштықты нығайту барысындағы жаһандық проблемаларды шешуге бағытталған ынтымақтастықты одан әрі күшейту бойынша пікір алысылды.
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.