Шара 2025 жыл 20 декабрінен 2026 жылдың 10 январына дейін жалғасады.
Осыған орай,
Қалдықтарды басқару және циркулярлық экономиканы дамыту агенттігінде республикалық жұмысшы тобы құрылады;
шара барысында санитарлық тазалау кәсіпорындары барлық аумақтарды қатты тұрмыстық қоқыстардан тазартады.
Сондай-ақ,
махалла аумақтарын таза сақтау,
мереке күндері қоқыстың жиналуының алдын алу,
Қоқыстарды жоспар кестеден тыс кезекшілік негізінде дер кезінде алып кетуді қатаң сақтау бойынша қажетті шаралар қабылданатын болады.
«Долзарб 20 кунлик» тазалық шараларының мақсаты тұрғындар арасында – Жаңа жылды жақсы көңіл-күйде қарсы алуға, қоршаған ортаны таза ұстау, сол арқылы экологиялық ахуалды одан әрі жақсартуға үлес қосу.
Осыған байланысты жеке және заңды тұлғаларға қоқыстарға қатысты істерде экологиялық тазалық таныту, соның ішінде белгіленбеген орындарға қалдықтарды тастамау сұралады.
Қалдықтарды басқару саласы және қызмет көрсету сапасына қатысты ұсыныстар мен шағымдар туындаған жағдайда «1205» қысқа нөміріне 24/7 режімде хабарласуға болатыны айтылды.


