Қалдықтарды басқару және циркулялық экономиканы дамыту агенттігінің хабарлауынша, бұл ережеге сәйкес, енді тұтынушылардан санитарлық тазалау саласында көрсетілген қызметтер үшін төлем алынады.
Тұтынушылардың (жеке және заңды тұлғалардың) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару жөніндегі қызметтер үшін онлайн төлем жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Онлайн төлем тәртібі төмендегі артықшылықтарға байланысты маңызды саналады:
кез келген жерде және кез келген уақытта жасауға болады;
банкке бармай, кезекке тұрмай, уақытты үнемдейді;
шотты оңай тексеріп, бақылауы мүмкін;
төлем түбіртектерін онлайн жүктеп алуға болады;
қызмет көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етумен қатар қызмет үшін заңсыз ақы төлеуді өндіру, өндірілген қаржыларды кірім қылмай жымқыру фактілерін жою арқылы саладағы жасырын экономика мен сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алуға қызмет етеді.
Сондай-ақ, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару жөніндегі қызметтерге ақы төлемнен түскен қаражат тікелей Агенттіктің арнайы есеп-шотына аударылатын болады.
Жиналған қаржылар есебінен ақы төлеу белгіленген субъектілер (санитарлық тазалау кәсіпорындары, полигондар, қоқыстарды өртеу зауыттары, экоөнеркәсіптік аумақтар және т.б.) арнайы тәртіпке орай есепке алудың бірыңғай жүйесі арқылы:
санитарлық тазалау кәсіпорындарына қатты тұрмыстық қалдықтарды полигондарға немесе қалдықтарды қайта тиеу пункттеріне тапсырғаны үшін (жеке тәртіп негізінде тонна/километр бойынша есептеледі);
экосаноат зоналарида фаолият юритувчи тадбиркорлик субектларига (ҳар бир тоннаси учун) белгиланган тартибда тўлаб берилади.
қалдықтарды полигондарға/қалдықтарды қайта тиеу пункттеріне/қалдықтарды жағу зауыттарына қабылдау және орналастыру үшін (тоннамен);
экоөнеркәсіп аймақтарында жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілерге (әр тоннаға) белгіленген тәртіппен ақы төленеді.
Нәтижесінде қаражаттың мақсатты жұмсалуы қамтамасыз етіліп, жүйедегі қаржылық тәртіп пен бақылау күшейтіледі. Сонымен қатар, қызмет көрсететін санитарлық тазалау кәсіпорындары қызметінің негізгі көрсеткіштері әр айдың соңында бағаланатын болады.
Бағалау нәтижесінде санитарлық тазалау кәсіпорындары «қызыл», «сары» және «жасыл» санаттарға бөлінеді. Бұл санаттар санитарлық-тазалау кәсіпорындарыүшін ақы төлеу кезінде ескеріледі. Яғни, тиімділік көрсеткіші жоғары бағаланған «жасыл» санаттағы санитарлық тазалау кәсіпорындарына «қызыл» және «сары» санаттағыларға қарағанда көбірек ақы төленеді. Бұл тәртіп санитарлық тазалау кәсіпорындарының KPI көрсеткіштері негізінде анықталады.
Бұл тәртіп санитарлық тазалау саласында көрсетілген қызметтеріне байланысты лайықты ақы төлеу және қызмет көрсету сапасын арттырумен қатар халықтың көңілінен шығуға және циркуляр экономиканы дамытуға қызмет ететіні атап өтілді.

