Беларусь Президенті Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды

    Өзбекстанға ресми сапармен келген Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко 8 ақпан күні Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Ариповпен бірге «Жаңа Өзбекстан» саябағын аралады.

    Мәртебелі мейман тамаша өнер ескерткіші – Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды.

    Александр Лукашенко осы алып саябақтың құрылу тарихымен танысты. Тәуелсіздік монументінде бейнеленген ұлы ғұламалар, қаһарман генералдар мен әлем қаһармандары, ата-бабаларымыз туралы айтылды.

    Делегация мүшелері «Жаңа Өзбекстан» кешенінің идеялық-архитектуралық сәулетін назар аударды.

    Мұндағы спорт алаңдары, балалар ойын алаңдары, амфитеатр, субұрқақ, сирек кезедсетін ағаштар мен гүлдердің үйлесуі адамның көңіл күйін көтереді.

    Ұлттық мемлекеттіліктің терең тарихын, халықтың толеранттылығын, қонақжайлылығы мен еңбекқорлығын танытатын бұл кешен қашанда адамдармен лық толы.