Бельгияда «Өзбекстан – 2030» стратегиясының тұсаукесері өтті

    19 сентябрь күні Брюссель қаласында «Даму стратегиясы» орталығы мен еліміздің Бельгиядағы елшілігімен бірлесіп, «Өзбекстан-2030» стратегиясының мазмұны мен маңыздылығына арналған тұсаукесер ұйымдастырылды.

    Бұл туралы «Даму стратегиясы» орталығының ақпараттық қызметінің хабарлауынша, тұсаукесерде Еуропа Одағы мен Бельгияның дипломаттары, бірқатар шет мемлекеттердің елшілері, сарапшылар, саяси және ғылыми топтардың өкілдері, “ақл марказлари” сарапшылары мен жетекші БАҚ өкілдері қатысты.

    Тұсаукесерде шетелдік серіктестерге «Даму стратегиясы» орталығының атқарушы директоры Элдор Туляков «Өзбекстан-2030» стратегиясының негізгі жақтарымен таныстырды.

    Сондай-ақ, Э.Туляков Еуропа Одағы мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастары жедел қарқынмен дамып келе жатқанын, бұған халықаралық ұйымдар аясындағы жоғары деңгейдегі кездесулер де ерекше серпін беретініне айрықша тоқталды.

    Өз кезегінде, шетелдік серіктестер Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан реформаларға, атап айтқанда, «Өзбекстан-2030» стратегиясына үлкен қызығушылық танытты. Қатысушылардың аталмыш стратегия аясында жоспарланған іс-шаралар мен олардың жүзеге асырылуын бақылау әдістеріне қатысты сұрақтарына «Даму стратегиясы» орталықтың сарапшылары жан-жақты жауап берді.

    Тұсаукесер барысында Өзбекстан мен Еуропа елдері арасындағы ынтымақтастыққа да ерекше назар аударылды.

    Кездесу соңында тараптар байланыстарды тұрақты жалғастыруға келісті және тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін білдірді.