Біріншісі – Бұхара облысының Бұхара ауданындағы қуаты 270 мегаватт болған газ-поршеньді  ЖЭС;

Екіншісі, Ташкент облысының Қыбрай ауданындағы  қуаты 240 мегаватт бу-газ қондырғысы;

Үшіншісі, Хорезм облысының Янгиарик ауданындағы қуаты 174 мегаватт болған жаңа жылу электр станциясы;

Төртіншісі, Ташкент облысының Қыбрай ауданындағы қуаты 230 мегаватт газ-поршенді ЖЭС;

Бесіншісі, Ташкент облысының Қыбрай ауданындағы қуаттылығы 240 мегаватт заманалық жылу электр станциясы;

Алтыншысы, Самарқант облысының Нуробад ауданында қуаты 100 мегаватт болған күн фотоэлектр станциясы іске қосылды.

Осы 6 электр станциясы жылына 9 миллиард 660 миллион киловатт-сағатына электр энергиясын өндіреді. Құрылғылардың энергияны үнемдеуі жылына 1 миллиард 353 миллион текше метр табиғи газды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Станцияларды салу кезінде 3260 жұмыс орны ашылған болса, оларды пайдалануға беру нәтижесінде 445 жаңа жұмыс орны ашылды.

Анықтама үшін: Үстіміздегі жылдың соңына дейін Сырдария облысының Хавас ауданында қуаттылығы 220 мегаватт болатын жаңа жылу электр станциясы (№7 электр станциясы) пайдалануға беріледі, деп хабарлайды  Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.