Бұл ретте сатулардың 88,4%-ы биржалық саудаларына; 0,2% - көрме-жәрмеңкелерге; 11,0% - электрондық мемлекеттік сатып алу және 0,3% - автокөлік нөмірлерінің онлайн аукционына тура келеді.
Шағын кәсiпкерлiк пен жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен жасалған келісімдердiң жалпы көлемi 700,9 миллиард сумды құрады. Мемлекеттiк сатып алу жүйелерiнде өткiзiлген электрондық тендерлер нəтижесiнде бюджет пен корпоративтiк тапсырыс берушiлердің дерлік 15,5 миллиард сумдық қаржылары үнемделдi.
Қарастырылып отырған кезеңде онлайн-аукцион арқылы 2078 автокөлік нөмірі сатылды, сатылған мемлекеттік нөмірлердің жалпы сомасы 6,0 миллиард сумды құрайды. Бәсекелестік сауда-саттықтың нәтижесінде келісімдердің 9,0%-ы бірінші санаттағы автокөлік нөмірлеріне; 14,4% екінші; 13,7% үшінші; 13,5% төртінші; 19,0 % бесінші санатқа, 30,4 % алтыншы санатқа автокөлік нөмерлеріне тиісті.
Биржа саудалары
Қарастырылып отырған кезеңде ашық биржалық сауда арқылы жалпы 1644,1 миллиард сумдық тауар ресурстары сатылды. Сатушы кәсіпорындар өнімді бекітілген кестелерге сәйкес биржа саудасына шығарады, атап айтқанда:
Мақта майы
Өткен аптада биржа саудаларында 2 434,0 тонна мақта майы сатылды. Күн сайын сауда-саттыққа орта есеппен 66 сатып алушы қатысты. Орташа тәуліктік сату көлемі 609,0 тоннаны құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде мақта майының барлық түрлерінің орташа тәуліктік бағасы өнімнің бір тоннасы үшін 15519,0 мың сумнан 14364,7 мың сумға дейін, яғни 7,4%-ға төмендегенін айта кету керек.
Сұйытылған газ
Биржаның сұйытылған газ нарығында баға құлдырады. Апта ішінде биржа саудаларына 10399,0 тонна сұйытылған газ сатылымға шығарылды, оның 7487,0 тоннасы, яғни 72,0 пайызы сатылды. Күн сайын сауда-саттыққа орта есеппен 144 сатып алушы қатысты.
Қарастырылып отырған кезеңде сұйытылған газдың орташа тәуліктік бағасы өнімнің бір тоннасы үшін 2536,7 мың сумнан 2422,7 мың сумға дейін, яғни 4,5% төмендеген.
Биржалық сауданың нәтижесінде қалыптасқан сұйытылған газдың орташа апталық бағасы өнімнің бір тоннасына 2 491,1 мың сумды құрады.
Мақта талшығы
Өткен аптада биржа саудаларында 7 219,0 тонна мақта талшығы сатылды. Орташа тәуліктік сату көлемі 1805,0 тоннаны құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде мақта талшығының барлық түрлерінің орташа тәуліктік бағасы тоннасына 29893,0 мың сумнан 27410,6 мың сумға, яғни 8,3%-ға төмендегенін айта кету керек.
Барлық тауарлардың апталық баға ұсыныстарымен мына сілтеме арқылы таныса аласыз.