БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты бойынша экономикалық және әлеуметтік комиссиясының атқарушы хатшысымен келіссөздер жүргізілді

    2022 жылғы 10 августе Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Владимир Норов Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты бойынша Экономикалық және әлеуметтік комиссияның атқарушы хатшысы Армида Алисжабанамен онлайн формада келіссөздер жүргізді.

    А.Алисжабана Өзбекстанның Орталық Азия аймағындағы сауда-экономикалық ынтымақтастыққа, жаңа аумақаралық транспорт дәліздерін жаратуға, Оңтүстік Азия және басқа да өңірлермен қарым-қатынасты нығайтуға белсенді қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

    Республика басшылығының Ауғанстанды аймақтық экономикалық үдерістерге қосу жөніндегі іс-әрекеттері халықаралық қауымдастықтың жоғары бағасына лайық екені атап өтілді.

    Сұхбат барысында Өзбекстан мен Азия және Тынық мұхиты бойынша экономикалық және әлеуметтік комиссиясы арасындағы ынтымақтастықтың нақты бағыттары, комиссияның алдағы халықаралық шараларына еліміздің өкілдерінің қатысуы талқыланды.

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтың Ташкент қаласында БҰҰ төрағалығымен Транспорт және коммуникациялардың өзара байланысын дамыту аймақтық орталығын құру туралы бастаманы одан әрі насихаттау және іс жүзіндік өмірге енгізуге ерекше назар аударды.

    А.Алисжабана ағымдағы жылдың сентябрінде Самарқантта өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысатынын растады. Оның аясында Азия және Тынық мұхиты бойынша экономикалық және әлеуметтік комиссиясы мен ШЫҰ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарлануда, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates