Боксшы қыздарымыз Азия чемпионатын тоғыз медальмен аяқтады

    Жарыс қорытындысы бойынша Өзбекстан әйелдер құрама командасы 3 алтын, 4 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

    Тайландта бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасындағы сайыс аяқталды. Жарыс қорытындысында Өзбекстан әйелдер құрама командасы 3 алтын, 4 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

    Бүгінгі финалдарда жеңіске жеткен Фарзона Фозилова, Феруза Казакова және Навбахор Хамидова құрама командамыздың есебіне алтын медальдарды табыс етті.

    Жеңімпаз және жүлделі болған боксшы қыздарымыз:

    Алтын медаль:

    -48 келі: Фарзона Фозилова

    -52 келі: Феруза Казакова

    -66 келі: Навбахор Хамидова

    Күміс медаль:

    -54 келі: Азиза Якубова

    -57 келі: Нигина Уктамова

    -75 келі: Азиза Зокирова

    +81 келі: Алтынай Сотимбоева

    Қола медаль:

    -50 келі: Сабина Бобоқулова

    -81 келі: Сохиба Рузметова

    Ертең ерлер арасындағы финалдық сайыстар өтеді.