Сонымен, мұның негізгі себептері қандай? Қаназдық балалар денсаулығына қаншалықты қауіпті?
Республикалық мамандандырылған гематология ғылыми-практикалық медициналық орталығы директорының ғылыми істер бойынша орынбасары, медицина ғылымының докторы Азиза Махмудова осы сұрақтарға төмендегіше жауап берді:
– Бүгінгі таңда экологияның нашарлауы, күнделікті тұтынатын өнімдерде қажетті дәрумендер мен қоректік заттардың жетіспеушілігі көптеген аурулардың себебі болып табылады. Солардың бірі – анемия.
Қанның құрамында темір бар және қанға қызыл түс беретін күрделі ақуыз – гемоглобин бүкіл денеге оттегін жеткізіп беретін міндетін атқаратынын білеміз. Егер балада гемоглобин тапшылығы байқалса, ағзада оттегінің «аштығына» ұшырайды. Дегенмен, балалар бұл өзгерістерді әрдайым байқамауы мүмкін.
Қаназдық ауруымен ауыратын ұл-қыздар әртүрлі жұқпалы ауруларға бейім болады. Атап айтқанда, қанда ағзаның өсіп-өнуіне маңызы бар қоректік заттардың жетіспеуі әртүрлі аурулардың дамуына әкеледі. Сонымен қатар, мұндай балалар белсенді емес және салмағы аз болады.
Сондықтан ата-аналар балаларындағы өзгерістерге, олардың денсаулығына әрқашан назар аударуы қажет.
- Балалардағы гемоглобиннің қалыпты дәрежесі қандай болуы қажет?
- Балалардағы қалыпты гемоглобин деңгейі ересектердегіден ерекшеленеді.
Сіз гемоглобиннің орташа деңгейін төмендегіден көре аласыз:
Г/л-дағы қалыпты гемоглобин деңгейі (литр үшін грамм) жасына байланысты:
- жаңа туған нәрестелерде - 180-нен 240-қа дейін;
- 1 айдан 5 жасқа дейін – 110-нан 115-ке дейін;
- 5 жастан 12 жасқа дейін - 110-нан 120-ға дейін;
- 12 жастан 15 жасқа дейін – 120-дан 140-қа дейін.
Қандай факторлар қаназдықты тудырады?
– Балаларда бұл ауру әртүрлі себептермен дамиды. Мысалы, жаңа туған нәрестелердегі анемия жүктілік кезіндегі проблемалардан туындауы мүмкін - қан кету, түсік тастау қаупі, ананың жұқпалы аурулары. Бұл шала туылған нәрестелерде де жиі кездеседі.
Сонымен қатар, кез келген жастағы нашар және теңгерімсіз тамақтану анемияның ең көп таралған себептерінің бірі болып табылады. Яғни, бұрыс тамақтану кезінде ағза темірді және оның сіңуіне қажетті болған С және В12 дәрумендерін жеткілікті түрде сіңіре алмайды. Нәтижесінде анемия пайда болады.
Бұдан тыс, дұрыс тамақтанбау, дәруменге бай тағамдардың болмауы, тұрақты қан кету де анемияның дамуына әкелуі мүмкін.
Маманмен сұхбатты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі жүргізді.