– Бұл көгерумен (цианоз) байқалатын туа біткен жүрек ақауларының бір белгісі саналады, — дейді медицина ғылымдарының докторы, профессор Хакимжон Абролов. – Сонымен қатар, жиі-жиі суық тиіп, ұзақ уақыт емделетін немесе пневмониямен ауыратын балалар кардиологқа мұқият қаралуы керек. Ата-аналар мұны елемей, өз білгенімен дәрі-дәрмек ішкізуге де мүлдем болмайды.
Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін балалардың тәрбиесі мен денсаулығына назар аударып, жиі суық тиетін, әлсіз балаларды бақылауға алған жөн. Сонда туа біткен жүрек ақауы бар балаларды дер кезінде анықтап, сауығып кетуге қол жеткізуге болады.
Туа біткен жүрек ақауы бар баланы күтуде дұрыс тамақтану, уақытылы ұйықтаумен қатар отбасындағы тазалық, гигиена ережелері толық сақталуы тиіс екенін есте ұстаған жөн.
Әйтпесе, балада созылмалы инфекциялық үдерістер дамып, бұл басқа ауруларға әкелуі, науқастың жағдайын нашарлатуы мүмкін.
Тағы бір маңызды жайт, туа біткен аномалиялар, яғни туа біткен жүрек ақауы мен орталық жүйке, асқазан-ішек, тағы басқа да мүшелер жүйелерінің туа біткен аномалиялары бір кезде келуі жағдайларында емдеу тактикасын анықтау өте қиын саналады. Мұндай жағдайларда ең алдымен баланың өміріне қауіп төндіретін жағдайды емдеу керек.
Маманмен сұхбатты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі жүргізді.









