Байауыттағы жөндеуге мұқтаж емхана жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді

    Денсаулық 10 Dekabr 2021 2029

    Сырдария ауданы, Байауыт ауданындағы жанұялық емхана жөндеуден кейін қайтадан іске түсті.

    Ауданға қарасты Дехқанабад ауылдық азаматтар жинында тұратын 16 мыңнан астам тұрғынға медициналық қызмет көрсетіп келе жатқан 3-жанұялық емхана жөндеуге мұқтаж болғандықтан өткен жылы инвестициялық бағдарламаға енген болатын.

    Бағдарлама аясында кешенде 1 мың 800 миллион сумға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оны Гүлстандағы «Шахноза-декларант сервис» жеке кәсіпорнының құрылысшылары қысқа мерзімде аяқтады.

    Жанұялық дәрігерлер іс жүзінде патронаж медбикелердің жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалған. Сонымен қатар, қатты және жұмсақ жиһаздармен толық жаңартылды. Заманауи, соңғы үлгідегі УЗИ, ЭКГ және басқа да медициналық диагностикалық құралдармен жабдықталған.

    Отбасылық емханаға оптикалық талшық тартылып, жергілікті желіге қосылды. Компьютерлік техникамен жабдықталған, тұрғындарға үлгілі медициналық көмек көрсету жүйесі жолға қойылған.

    Бұл медицина қызметкерлеріне де, емделуге келген тұрғындарға да қолайлы болды.

    Сондай-ақ, жанұялық емхана жанынан қосымша жедел жәрдем бөлімшесі үшін жеке ғимарат пен жедел жәрдем көліктері үшін жеке гараж салынады. Оның іргетасы қаланды.

    Ғулом Примов,

    Сырдария ауданы,

    Денсаулық сақтау басқармасының

    баспасөз қызметкері.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates