«Байсын көктемі» халықаралық фестивалінің шаралары өтті

    Мәдениет 10 May 2022 1878

    Әлемнің түкпір-түкпірінен келген фольклорлық ұжымдарды бірлестірген «Байсын көктемі» халықаралық фестивалінің шаралары өтті.

    Ежелден бахшылар елі ретінде даңқы шыққан Сұрхандарияда өткізіліп жатқан «Байсын көктемі» халықаралық фольклорлық фестиваліне 2002 жылы негіз қаланып, алғаш «Байсын көктемі» ашық фольклорлық фестивалі өткізілген. Оған еліміздің фольклорлық ұжымдары өздерінің жеке бағдарламаларымен қатысқан. 2004 жылы тоқтап қалған ашық аспан астындағы нәзік өнер фестивалі 2017 жылы қайта жанданды.

    Биыл оған халықаралық мәртебе берілді және жыл сайын емес, екі жылда бір рет өткізілетін болады. Енді міне, «Байсын көктемі» әлем халықтарын көне өлкеде бір игі мақсат жолында біріктіретін сұлу көктем мерекесіне айналды.

    7 майда Сұрхандария облысының Байсын ауданы Паданг жазықтарында өтіп жатқан «Байсын көктемі» халықаралық фольклорлық фестивалінің ресми ашылу салтанаты өтті.

    Шараға Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Туризм және мәдени мұра министрі Азиз Абдухакимов, Мәдениет министрі Озодбек Назарбеков, Сұрхандария облысының әкімі Тура Боболов және бірқатар ресми тұлғалар қатысты.

    Сонымен қатар Туризм және мәдени мұра министрлігі мен Сұрхандария облысы әкімшілігінің ынтымақтастығында өткізіліп жатқан фестивальға 30-дан астам шетелдің еліміздегі 150-ден астам ресми өкілі қатысты. Фестивальдің ашылуына еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелден фольклорлық ұжымдар өз орындауларымен қатысты.

    Айта кетерлігі, фестивальға Өзбекстан Көркемғнер шығармашылар ұйымының бір топ мүшелері де өз туындыларымен қатыса бастады. Ұйымның мүшелері- түрлі бейнелеу суретшілер тарапынан - Байсын табиғаты мен көрікті жерлерінің картиналары жаратылады. Бұл туындылар алдағы көрмелер үшін мұражайларға тапсырылады.

    Фестиваль аясында фольклорлық ұжымдар арасындағы өздері даярлап келген бағдарламалар бойынша бірегей байқау өтуде. Фестиваль соңында фольклорлық ұжымдарды ұйымдастырушылар тарапынан марапаттау көзделген.

    Фестивальге қатысушылар бүгін өзбек ұлттық күресі мен лақ көкпары бойынша өткізілген жарысын тамашалауға мүмкіндік болды, деп хабарлайды Туризм және мәдени мұра министрлігінің баспасөз қызметі.

    6 майда басталған «Байсын көктемі» халықаралық фольклор фестивалі 12 майға дейін жалғасады.

    Естеріңізге сала кетейік, ЮНЕСКО 2008 жылы Байсын ауданын, 2021 жылғы бахшылық өнерімізді Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативті тізіміне енгізген болатын.