Саяхатшы мақаласында Өзбекстанның ежелгі Ұлы Жібек жолы тоғысқанынан бастап, Қытайды Жерорта теңізімен байланыстыратын ежелгі сауда жолдарын бейнелейді. Бұл бағыттағы әйгілі орындар - Хиуа, Самарқант және Бұхара қалалары.
«Өзбекстан бірнеше жыл бұрын Саймон Ривтің «Станслар билан танишув» сериалында көрсетілгенде , бірінші рет қызығушылығымды оятқан жер еді және бұл мені қатты таңғалдырған болатын», - деп жазады саяхатшы бойынша кеңесші Эмма Саваж.
Эмма Өзбекстан, әрине өзінің арман-ниеттері тізімінде екенін айтып, бұл елді Ұлыбританиямен салыстырды:
«Оның адам толы базарлары, шайханалары, жергілікті өмір салты мен көрікті жерлері сізді таңғалдырады. Бұл ел Ұлыбританияның мәдениетінен бастап ландшафтына дейін ерекшеленеді», - деп хабарлайды Туризм және мәдени мұра министрлігінің баспасөз қызметі.
Анықтама үшін: «Rutland & Stamford Mercury» газеті — Ұлыбританияның апталық аймақаралық газеті саналады, ол Johnston Press медиа-концерніне тиесілі. 2017 жылдың январь айында Iliffe Media баспа-полиграфиясы тобы сатып алды.