Бүгіннен бастап «Uzbekistan GTL» зауытында өндірілетін дизель бағасы арзандады

    Үстіміздегі жылдың 12 июлінен бастап Республикалық тауар-шикізат биржасы арқылы сатуға қойылатын синтетикалық дизель жанылғысының бір тоннасының бастапқы бағасы 10 116 972 сумнан 9 499 953,08 сумға дейін арзандады.

    Бұл туралы «Узбекнефтгаз» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

    Сондай-ақ, «Узбекнефтгаз» АҚ жартылай синтетикалық дизель жанылғысының бағасы 1 тоннасына 13 488 974 сумдан 11 673 687 сумға дейін төмендейтінін хабарлады.

    «GTL» дизель жанылғы «Евро-6» стандартының Еуропалық сапа деңгейіне жауап беретін заманалық және жоғары сапалы жанылғы.

    «GTL» дизелі «Еуро-4» және одан жоғары стандартты жанармаймен жүретін жеңіл автомобильдер мен жүк көліктеріне, сондай-ақ отандық және шетелде өндірілген ірі габаритті және арнайы дизельді жанылғы көліктерге өте қолайлы болады.