Бұхара мұнайды қайта өңдеу зауытында инвестициялық жобалардың арқасында жоғары нәтижелерге қол жеткізілуде

    Өнеркәсіп 20 Iyun 2022 3131

    Жылына 2,5 миллион тонна мұнай мен газ конденсатын қайта өңдеу қуатына ие Бұхара мұнайды қайта өңдеу зауыты 1997 жылдың 22 августында тайдалануға тапсырылған. Бүгінде ірі инвестцияларды тарту арқылы осы зауытты дамыту бойынша мақсатты істер жүргізілуде.

    Жоғары октанды жанармай (AИ-80, AИ-91, AИ-92, AИ-95, AИ-98), дизель жанармай (ЭКО, Евро-4, 5), авиакеросин (Джет A-1), мазут, сұйытылған газ, алтынкүкірт, пиролизді газолин, көмірсутегі ерітіндісі сияқты мұнай өнімдері өндіріледі.

    Зауытқа шикізатты теміржол немесе құбыр арқылы жеткізіп беру жоспарланған. Жаңа кендердің игерілуі және осы кендерден теміржол және құбырлар арқылы жеткізіп беру мүмкіндігі жоқтығынан қазірде қазып алынған шикізат автоцистерналарда жеткізілуде.

    Зауытта төмендегі технологиялық қондырғылар бар:

    «Атмосфера қысымы арқылы мұнай мен газконденсатын айдау» (АТ) технологиялық қондырғысының жылдық қайта өңдеу қуаты 2500 мың тонна;

    -«Мұнайды тұзсыздандыру және сусыздандыру» (ЭЛОУ 1, 2) технологиялық қондырғысының жылына қайта өңдеу қуаты 771 мың тонна;

    «Жалпы нафтаны сутегі арқылы тазалау» (ГОБ) технологиялық қондырғы жылдық қуаты қайта өңдеу қуаты 861 мың тонна;

    -«Газойлды сутегі көмегінде тазалау» (ЭЛОУ 1, 2) технологиялық қондырғысының жылдық қайта өңдеу қуаты 861 мың тонна---

    -технологиялық қондырғы жылдық қайта өңдеу қуаты 771 мың тонна;

    -«Каталитик риформнинг» (CCR) технологиялық қондырғысы жылына қайта өңдеу қуаты 532,8 мың тонна;

    «Керосинді демеркаптандыру» технологиялық қондырғысының жылына қайта өңдеу қуаты 300 мың тонна;

    Зауытта 641 мың тонна автобензин (АИ-80, АИ-91, АИ-92, АИ-95, АИ-98), 1 026,6 мың тонна дизель жанылғысы (ЭКО, Евро-4, 5), 300 мың тонна авиакеросин (Джет А-1, көмірсутегі еріткіші), 480 мың тонна мазут (М-40, М-100) және басқа да мұнай өнімдері өндіріледі.

    Бұдан тыс, «Газдарды амин көмегінде тазарту, «Қышқыл суларды буландыру, «Алтынкүкірт алу» «Сұйыылған газдарды фракцияларға бөлу» сияқты технологиялық қондырғылар бар.

    Заманалық озық инновациялық технологиялар, жоғары тиімді қондырғылар, жаңа материалдар, сонымен қатар жаңа катализаторлар, тозығы жеткен қондырғыларды алмастыру арқылы 2021 жылдан бері бұл жерде қайта өңдеу мен өнім өндіруде жоғары нәтижелерге қол жеткізілді, деп хабарлайды «Ўзбекнефтгаз» АҚ баспасөз қызметі.

    2022 жылы республика тұтынушыларының жалпы 835,2 мың тонна автожанармай өндіруі жоспарланған.

    Ескере кетеміз, 2020 жылда Бұхара мұнайды қайта өңдеу зауыты елімізде алғаш рет «Евро-4, -5» маркадағы дизель жанылғысын өндіруді жолға қойды. Бұдан тыс, осы уақыт аралығында «QuWatt» брендімен сапасы жақсарған «АИ-95» маркалы автожанармай өңдіруді игерді.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates