Бұхара мұнайды қайта өңдеу зауытында «SSDF» маркалы жоғары сапалы дизель жанылғысын өндіру жолға қойылды

    Өнеркәсіп 5 Aprel 2023 1348

    «Uzbekistan GTL» және Бұхара мұнайды қайта өңдеу зауытының мамандарымен ынтымақтастықта «Еуро-4» және «Еуро-5» сыныптағы «SSDF» маркалы жаңа түрдегі (жартылай синтетикалық) дизель жанылғысын өндіру бойынша жүргізілген бірқатар зерттеулер сәтті аяқталды.

    «TS 16472899-044» стандартының талаптарына сәйкес өнімнің жаңа түрін дайындау мақсатында «Uzbekistan GTL» зауытында өндірілген «GTL» синтетикалық дизель жанылғысы Бұхара мұнайды қайта өңдеу зауытының дәстүрлі дизель жанылғысымен араластырылды. Бұл ретте, «SSDF» жартылай синтетикалық дизель жанылғысы дәстүрлі жанылғыға синтетикалық компонентің 50 пайызынан көп болмаған мөлшерін қосу арқылы өндіріледі.

    2023 жылдың 17 мартында жаңа өнімдерді өндіру негізінде Бұхара мұнайды қайта өңдеу зауыты «DT Eвро-L-II-K4-SSDF» және Евро-Л-II-K5-SSDF» маркалы дизель жанылғысын сериялық өндіру бойынша сәйкестік сертификатын алды.

    Осы жаңа түрдегі дизель жанылғысы дәстүрлі дизель жанылғысынан жақсартылған цетан саны мен индексті көрсеткіштері, сондай-ақ полициклдік араматты көмірсутектердің құрамы бойынша ерекшеленеді.

    Айта кету керек, цетан саны мен индекс көрсеткішінің артуы дизельдік жанылғының эксплуатацион және экономикалық көрсеткіштерін жақсартады. Отынның құрамындағы полициклді ароматты көмірсутектер мөлшерінің азаюы нәтижесінде қалдық газдардағы зиянды заттардың қоршаған ортаға және адам денсаулығына кері әсері азаяды.

    Өзбекстанд осы түрдегі мұнай өнімінің өндірілуі нәтижесінде ішкі және сыртқы базарға экологиялық таза, жоғары сапалы дизель жанылғысын жеткізуге, сондай-ақ шетел валютасын үнемдеуге және импортты азайтуға мүмкіндік туып отыр.

    Ақпарат үшін: Бүгінде Бұхара мұнайды қайта өңдеу зауытында 16 түрдегі дизель жанылғысы өндіріледі, деп хабарлайды «Узбекнефтгаз» АҚ баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates