Бұхарада 2 ірі жел электр станциясы құрылады

    Энергия 27 Aprel 2023 2278

    Осы станцияларда жалпы қуаты 1 ГВт болатын 158 жел турбиналарын орнату арқылы жыл сайын 3,6 млрд кВт/сағ электр энергиясы өндірілетін болады.

    Бұхара облысының Ғиждувон және Пешку аудандарында 2 ірі жел электр станциясын құру жобаларын жүзеге асыру аясында Саудия Арабияның “ACWA Power” компаниясы мен Азия даму банкі арасында 174 миллион АҚШ доллары көлемінде заем келісімге қол қойылды.

    Осы станцияларда жалпы қуаты 1 ГВт болатын 158 жел турбиналары орнату арқылы жылына 3,6 млрд кВт/сағ электр энергиясы өндірілетін болады. Бұл станциялар пайдалануға берілгеннен кейін Орталық Азия аймағындағы ең ірі жел энергиясының жобасына айналады.

    Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

    Анықтама үшін: 2 жел электр станциясын іске қосу нәтижесінде жылына 1,1 млрд текше метр табиғи газ үнемделеді және 1 млн тонна зиянды газдың атмосфераға таралуына жол берілмейді.

    Бұл электр станцияларын 2024 жылдың соңында пайдалануға беру жоспарлануда.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates