Жеке тұлғалардың қажетінен артқан электр энергиясын сатуға қатысты жаңа тәртіптер белгіленді

    Бекітілген Ережеге сәйкес, жеке тұлғалар тарапынан өндірілген электр энергиясы үшін төлем 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

    Үкімет қаулысымен (247-санды, 14.06.2023 ж.) заңды тұлғалар мен кәсіпкерлік субъектілері тарапынан қайта тіктелетін энергия көздерін пайдаланған жағдайда өндірілген электр энергиясының өз қажеттілігінен артқан бөлігін сату тәртібі туралы ереже бекітілді.

    Ережеге сәйкес, электр энергиясын сатып алу-сату келісімшарты негізінде сатылады, деп жазады “Ўзбекистон миллий электр тармоқлари” АЖ.

    Бұнда:

    жеке және заңды тұлғалардың өз қажеттіліктері үшін орнатқан қуаттылығы 1 МВт-қа дейінгі күн, жел және биогаз электр станцияларында өндірілген электр энергиясының артығын «Аумақтық электр желілері» АҚ сатып алады;

    электр энергиясын өндіруші өз тұтынуы үшін өндірілген электр энергиясын өзінің электр желілері арқылы басқа жеке және заңды тұлғаларға сата алады;

    электр энергиясын өндірушінің жеке электр желісі болмаған жағдайларда «Аумақтық электр желілері» АҚ желісінен транзиттік қызметтері үшін кеңсеаралық тариф комиссиясы құжаттарында белгіленген тариф негізінде төлемдерді жүзеге асыру бойынша басқа жеке және заңды тұлғаларға жеткізіледі. Жеткізілген электр энергиясы үшін төлемдер есеп-қисап айынан кейінгі айдың 25-іне дейін:

    “Қуёшли хонадон” бағдарламасы аясында жеке тұлғаларға тиісті нысандарға орнатылған күн панельдерінде өндірілген және өзінен артқан бірыңғай электр энергетикалық жүйеге берілген электр энергиясының әрбір киловатт-сағатына (оң айырма) Мемлекеттік бюджеттен 1000 сумнан субсидия бөлінеді («Салық» мобильді қосымшасы арқылы) ;

    Жеке және заңды тұлғалар тарапынан өз қажеттері үшін орнатылатын қуаттылығы 1 МВт-қа дейінгі күн, жел және биогаз электр станцияларында өндірілген және өзі тұтынудан арттырған бірегей электр энергетика жүйесіне берілген электр энергиясының әрбір киловаты-сағатына (кепілденген түрде ІІ тариф тобы тұтынушылары үшін белгіленген тарифтың 80 пайызы мөлшерінде) I «Аумақтық электр желілері» АҚ тарапынан төлеп беріледі.

    Электр энергиясын сатып алушы өндіруші тарапынан жеткізіп берілген электр энергиясы мөлшері үшін электр энергиясын беру және тұтынуын есепке алу қондырғысы (прибордың) мәліметтеріне орай тараптар арасында қол қойылған көрсеткіштерді салыстыру келісімін және есеп-фактураны алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде төлемді жүзеге асырады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates