Бұхарадағы жаңа жылу электр станциясы электр қуатын бере бастады

    Энергия 11 Yanvar 2022 1627

    Бұхара облысындағы қуаты 270 МВт жылу электр станциясы республикамыздың бірегей электр желісіне қуат бере бастады.

    Бұрын хабарлағанымыздай, 2021 жылдың 31 декабрінде Түркияның “Aksa Enerji” компаниясы тарапынан Бұхара облысының Бұхара ауданында құрылған қуаттылығы 270 МВт болған газ-поршеньді жылу электр станциясының бірінші құрылғысы іске қосылды.

    Бүгін бұл станция 2022 жылдың 11 январында, сағат 16:32-де Өзбекстанның бірегей электр желісіне қуат бере бастады.

    Бұл жылу электр станциясы жылына 2,2 миллиард киловатт-сағат электр энергиясын өндіріп, облыстың 80 пайыз тұтынуын қамтиды.

    Құрылғылардың пайдалы іс коэффициенті жоғарылығының арқасында жылына 260 миллион текше метр табиғи газ үнемделеді. Үнемделген табиғи газ есебіне қосымша 900 миллион киловатт-сағат электр энергиясын өндіреді.

    Бұл инвестициялық жоба Өзбекстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 4 марттағы ПҚ –5018-санды қаулысына орай мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қағидаттары негізінде жүзеге асырылды.

    Жалпы құны 150 миллион долларға тең жобаны Түркияның “Aksa Enerji” компаниясы тікелей инвестиция есебіне жүзеге асырды, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates