Кездесу  кезінде Өзбекстан мен Ұлыбритания арасында ауған дағдарысын бейбіт жолмен шешу, сондай-ақ елге шұғыл гуманитарлық көмек көрсету бойынша  қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен болашағы талқыланды.

Жоғары мәртебелі дипломат Өзбекстанның Ауғанстанда ұзақ мерзімді және тұрақты бейбітшілік орнатудағы, атап айтқанда, осы елге экономикалық көмек көрсетудегі маңызды рөлін атап өтті.

Атап айтқанда, Британия тарапы  Өзбекстанның Ауғанстанға гуманитарлық көмегін жеткізу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының қамқорлығымен Терміз қаласында көпфункционалды көлік-логистикалық орталығын құру бастамасының маңыздылығы мен өзектілігін тілге тиек етті.

Сондай-ақ Ауғанстандағы қазіргі жағдай, жаңа үкіметке қатысты халықаралық қауымдастықтың ортақ ұстанымын дамыту және осы елдегі гуманитарлық дағдарысты шешу мәселелері бойынша пікір алысылды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.