Бастапқыда, Түркия компаниясына еліміздегі былғары-аяқ киім өнеркәсібіне мамандандырылған шағын өнеркәсіп аймақтары, инвесторларға жасалып жатқан жағдайлар мен көңіл бөлініп жатқан жеңілдіктер туралы ақпарат берілді.
Сондай-ақ, келіссөздер барысында тараптар инвестициялық жобаны жүзеге асырудың іс жүзіндік жақтарын талқылады. Түрік компаниясы елімізде түрлі үлгідегі аяқ киім шығаруға маманданған инвестициялық жобаны жүзеге асыруды мақсат етіп отыр. Жобаның бастапқы құны – 2 миллион долларды құрайды.
Құрал-жабдықтардың 70 пайызы Түркиядан әкелінеді. Ташкент облысындағы аукционға қойылған тері өнеркәсібіне мамандандырылған жерден сатып алып, ғимарат құрып, жаңа кәсіпорынды ашу жоспарланған.
Келіссөздер барысында кәсіпорында аяқ киім үлгілерін өндірудедизайнерлер мен технолог кадрларды даярлау бағытында ынтымақтастықты жолға қою туралы пікір алмасты. Осы бағытта өзбекстандық мамандары үшін тренингтер өткізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды «Узчрмсаноат» бірлестігінің баспасөз қызметі.