Былғары- аяқ киім өнеркәсібінде Жапониямен ынтымақтастықтың жаңа бағыттары

    Бизнес 20 Yanvar 2022 1760

    «Узчармсаноат» бірлестігінде Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және «Ташкент-Нагоя» достық ұйымының көмегімен Жапонияның Нагоя қаласының кәсіпкерлер делегациясының кездесуі өтті.

    Сұхбат кезінде басты назар инвестициялық ынтымақтастықты орнату мен жаңа жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

    Кесдесуден алдын Жапония делегациясына «Узчармсаноат» бірлестігінің қызметі, оған мүше кәсіпорындар мен өнім түрлері, саланың инвестициялық және экспорттық әлеуеті туралы мәлімет берілді.

    Chiikimittyaku Co., Ltd. Компаниясының басшысы Масахиро Нишимура мырза Өзбекстанмен ынтымақтастыққа ерекше қызығушылық танытты. Ол елімізге іссапары барысында тері бұйымдарының, атап айтқанда, дайын былғары өндіретін кәсіпорындардың қызметімен танысқанын атап өтті. «Ангрен Шарм» жауапкершілігі шектеулі қоғамда өндіріс үдерісі мен өндірілетін өнімдер үйренілді. Кәсіпорын мамандары Өзбекстан өндірушілерінің құрал-жабдықтарын, шикізаттары мен дайын өнімдерін жан-жақты тексерді.

    Мәлімет ретінде: Chiikimittyaku Co., Ltd компаниясы Лондонда орналасқан. Ол TOKKOU брендімен өнім өндіреді. Бренд өнімдерінің философиясы дәстүрлі жапондардың тарихи тамырларына негізделген. «TOKKOU» заманалық дизайны Жапония жастар субмәдениеті саналатын «Bosodzoku-дан» шабыт алады.

    Кездесуде Өзбекстанда былғары-аяқ киім өнеркәсібін дамыту үшін жапон брендтерін тарту, жергілікті өнімді халықаралық нарықтарға шығару мәселелері де талқыланды.

    Нишимура мырза Жапония тарапы Өзбекстан кәсіпорындарын теріні қайта өңдеу бойынша заманалық жапон технологияларымен жабдықтауға, Өзбекстан кәсіпорындарындағы технологтардың біліктілігін арттыруға көмектесуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды «Узчармсаноат» ұйымының баспасөз қызметі.