Chengiz Enerji компаниясы Өзбекстандағы инвестициялық жобалар портфелін кеңейтеді

    Үстіміздегі жылдың 14 мартында Өзбекстан Республикасы Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінде инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов Түркияның Cengiz Energy компаниясының атқарушы директоры Ахмет Ченгизбен кездесті.

    Тараптар табысты жүзеге асырылған біріккен жобалардың нәтижесінде қол жеткізілген жетістіктерді және еліміздің энергетика саласын дамытудағы инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады.

    Атап айтқанда, 2022 жылдың июнь айында Ташкент облысында қуаты 240 МВт және Сырдария облысында 220 МВт қуатқа ие заманауи бу-газ электр станциялары іске қосылғандығының нәтижелері талқыланды.

    Түркия компаниясының басшысымен бірге және қауымдастықта атқарылған жұмыстың нәтижелілігіне тоқталып, компанияның электр энергиясын өндіру саласындағы инвестициялық жобалардың портфелін кеңейту ниетінде екенін хабарлады. Осылайша, Жызақ облысында қуаты 400 МВт болған бу-газ электр станциясын іске қосу жобасы ұсынылды. Бұл бастама жылына 286 миллион текше метр газды үнемдеуге мүмкіндік береді, мұны ақшалай есептегенде 103 миллион долларға тең.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жаңа жобаны жүзеге асыру мақсатында келешектегі ынтымақтастық форматы туралы келісті, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    Анықтама үшін: Cengiz Enerji 2000 жылы құрылған. Компания электр энергиясын өндіру және тарату, табиғи газды саудасы мен тарату, табиғи газбен жұмыс істейтін комбинацияланған электр станцияларын салу бағыттарында жұмыс істейді. Қазіргі уақытта компания энергетика саласында жалпы қуаттылығы 5 000 МВт болған 9-ы пайдалануға берілген және 4-уі салынып жатқан жобаны басқарады. Түркия Республикасындағы электр энергиясының 30 пайызы Cengiz Enerji станцияларында өндіріледі. Бүкіл әлем бойынша қызметкерлер саны 20 мыңнан астам адамды құрайды.