Мемлекет басшысы Ташкент қаласының ауданындағы когенерация қондырғысының жұмысымен танысты

    Билік 14 Oktabr 2023 5093

    Президент Шавкат Мирзиёев Ташкент қаласының «Чиланзар» ауданында пайдалануға берілген когенерация қондырғысының жұмысымен танысты.

    Өткен қыстың аномальды суығында жылу беруде үзіліс болғаны белгілі. «Чиланзар» ауданына қарасты «Оқтепа» және «Боғзор» махаллалары жағдай күрделене түскен аудандардың қатарында болды. мұнда 50 көпқабатты тұрғын үй, 7 әлеуметтік мекеме және ондаған кәсіпкерлік филиалдары бар.

    Осы жағдайдың қайталанбауы үшін мұнда жылу мен электр энергиясын қатар өндіретін когенерациялық қондырғылар іске қосылды. Олардың қуаттылығы сағатына 4,6 МВт электр энергиясын және 29 гигакалориядан астам жылу өндіруге ие.

    Түркияның «Iltekno» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырған жобаға газ поршеньдері мен «Bosch» қазандықтары Германиядан әкелінді. Сондай-ақ, жылу қазандығынан бастап тұтынушыларға дейін барлық жылумен жабдықтау инфрақұрылымы қайта жаңғыртылды. Жылу магистралі ауыстырылды, әрбір тұрғын үй мен әлеуметтік нысандарға жеке жылу тарату пункттері орнатылды. Жаңа, оқшауланған құбырларды ауыстыру есебінен жалпы 13 мың метр жылу желілері толығымен жабық жүйеге көшіріліп, артық шығыннан қорғалды.

    Жобаның тағы бір тиімді тұсы – жылу тарату пункттері арнайы датчиктермен жабдықталған. Ауа-райының салқын немесе ыстық болуына байланысты үй ішіндегі температура қалыпты деңгейде сақталады.

    Кешенді пайдалануға беру нәтижесінде жылына 5,3 миллион текше метр табиғи газ үнемделеді. Атмосфераға бөлінетін ластаушы заттар 67 пайызға азайып, ағынды сулар толығымен жойылады.

    «Боғзор» және «Оқтепа» ықшам аудандарындағы трансформаторлар ауыстырылды, электр желілері жаңадан тартылды. Сонымен қатар, көпқабатты үйлердің үстіне күн батареялары орнатылуда.

    Осында Ташкент қаласы мен оған қатысты сала басшылары күз-қыс маусымына дайындық туралы ақпарат берді. Мемлекет басшысы энергетика, коммуналдық, құрылыс, қызмет көрсету мекемелері секілді барлық мүмкіндіктерді жұмылдырып, жөндеу жұмыстарын аяқтау, энергия және жылумен қамтуды тұрақтандыру, бұл бағытта қоғамдық бақылау орнату қажеттігін атап өтті.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates