Қалдықтардан қарызы барларға электр энергиясы төлеміне шектеу қойыла бастады

    Әлеуметтік желілерде Өзбекстанда тұрғындар қоқыс ақысын төлемегені үшін электр энергиясын өшіре бастады, деген мазмұндағы хабарлар тарқала бастады.

    Жағдай бойынша «Аумақтық электр желілері» АҚ ақпарат берді.

    Белгілі, Өзбекстан Республикасы Президентінің «Қоқыстарды басқару жүйесін жетілдіру және олардың экологиялық жағдайға тигізетін кері әсерін азайту іс-шаралары туралы» Жарлығына сәйкес, қоқыс қызметтері үшін ай сайынғы төлемдер бойынша берешегі бар абоненттерді SMS арқылы хабардар ету тәжірибесі енгізілгені белгіленген.

    Сондай-ақ, осы жарлық негізінде тұтынушының қоқыс бойынша қарызы бар екені ескертілгеннен кейін төлемей жүрген тұлғалардың электр энергиясының төлемін қабылдауына уақытша шектеу қою тәжірибесі белгіленген.

    Осы жарлықтың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың октябрь айынан бастап «Аумақтық электр желілері» АҚ-ның 2100 қысқа нөмірі арқылы аталған ескерту хабарламаларын жіберу тәжірибесі қолға алынды.

    Қазіргі уақытта «Аумақтық электр желілері» АҚ қоқыстар бойынша ескерту хабарламасын жібергеннен кейін, қарызын өтемеген тұтынушыларға электр энергиясы үшін төлемдерге шектеу енгізу бойынша да техникалық жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз.

    Осы ретте, тұтынушыларға қарызы бар болғаны үшін жіберген хабарламалардан тұтынушыдардан келетін шағымдар бойынша қоқыс жинау және тасымалдау қызметтеріне хабарласуын сұраймыз. «Аумақтық электр желілері» АҚ бұл үдерісте Өзбекстан Республикасы Экология министрлігі ұсынған ақпарат негізінде хабарлама жіберіліп жатқанын хабарлайды.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates