Бұл сала халықтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратыны белгілі. Халықтың күнделікті тұтынатын шығынының 30 пайызын ет, сүт және жұмыртқа өнімдері құрайды.
Соңғы үш жылда мал шаруашылығы бойынша қабылданған шешімдерге сәйкес 8 түрлі субсидия және жеңілдетілген несиелер бөлінді. Осы кезеңде мал шаруашылығына 15 триллион сумнан астам қаржы бөлініп, 4500-дей жоба жүзеге асырылды. Асыл тұқымды шаруашылықтардың саны үш есеге өсіп, 1414-ке жетті. Нәтижесінде 2019-2021 жылдары мал басы 1,2 млн басқа өсті.
Бірақ қазіргі кездегі климаттың өзгеруі, су мен жер тапшылығы, індет сияқты өзекті мәселелер мал шаруашылығын да қиындатуда.
Бұхара, Жызақ, Науаи, Наманган, Сұрхандария облыстарында ірі мал шаруашылықтарының саны басқа облыстармен салыстырғанда әлдеқайда аз. Малдың 90 пайызы үй шаруашылығында өсірілетінімен, көп жерде азық-түлік жүйесі жоқ. Соңғы 15 жылда жем-шөп алқабы 430 мың гектардан 340 мың гектарға, ал мал басына шаққандағы жем-шөп алқабы 50 сотықтан 27 сотыққа азайды. Қарақалпақстан, Хорезм, Бұхара, Науаи, Сұрхандария және Қашқадарияда мал азықтық дақылдардың егіс көлемі 23 мың гектарға қысқарған.
Сондықтан, ресурс үнемдейтін технологияларды кеңінен қолдану арқылы мал шаруашылығы саласын қолдау, ет, сүт, жұмыртқа өндірісін арттыру бұрынғыдан да маңызды.
Мемлекет басшысы биылғы жылы мал шаруашылығында кемінде 300 мың, қой-ешкі шаруашылығында 150 мың, жібек-піллә өндірісінде 1 миллион 200 мың, жалпы саны 1 миллион 650 мың адамды жұмыспен қамтуға болатынын атап өтті.
Ол үшін ең алдымен шаруашылықтардағы кооперативтер арқылы мал басын көбейту қажет. Елімізде бұл салада жақсы тәжірибелер баршылық.
Осы мақсатта бірқатар қаржылық қолдау шаралары белгіленді. Яғни, осы жылдың ақпан айынан бастап шетелдік несиелер 10 жыл мерзімге 3 жыл жеңілдікпен беріледі, несиенің 14 пайыздан астамы өтеледі және несие сомасының 50 пайызына кепілдік беріледі, гидропоника әдісімен азық өсіруге арналған құрал-жабдық құнының 20 пайызы өтеледі.
Саладағы тағы бір табысты бағыт – ақшыл қой жүнінен кілем, мата және басқа да өнімдерді тоқу және сату. Жиында осы салаға қатысты бірнеше аудандағы осындай жұмыстар үлгі ретінде көрсетілді.
Осы айдан бастап асыл тұқымды қой-ешкі сатып алуға, сүт, ет, жүн өңдеуге, жем-шөп цехтарын құруға жеңілдікпен несие берілмек. Бұл несиелер әкім көмекшілерінің ұсынысы бойынша халыққа кепілсіз 50 миллион сумға дейін беріледі және несие пайызының жартысын жабу үшін өтемақы төленеді.
Тұрғындар кооперативтік негізде 350 мың бас қой-ешкімен қамтамасыз етіліп, бұл мақсатқа 100 миллион доллар бөлінеді.
Биыл осы салада 123 ірі жоба жоспарланған. Мемлекет басшысы оларды уақтылы іске қосумен қатар қосымша мүмкіндіктер тауып, мал бордақылау алаңдарын кеңейту қажеттігін айтты.
Атап айтқанда, жердің бір бөлігін бөлісу арқылы әр кластерде кемінде 500 бастан мал шаруашылығы кешенін құруға болады. Пайдаланудан шығарылған және жаңа жерлерді алу арқылы да мал жаюға болады.
Осындай жобаларды қолдауға 120 миллион доллар несие, субсидия, кедендік және салық жеңілдіктері ретінде бөлінетіні айтылды.
Осыған орай шенеуніктерге биылғы жылы мал шаруашылығын дамыту жобаларына назар аудару үшін халықаралық қаржы институттарынан 500 миллион доллар тартуды тапсырды.
президент мал өнімділігін арттыру, асыл тұқымды мал шаруашылығын жақсартуға баса назар аударды. Осы салаға ғылым мен озық тәжірибені енгізуге жауапты болып Самарқанд ветеринария институты тағайындалды. Енді бұл институттың мәртебесі артып, ветеринария, мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, балық шаруашылығы, қаракөл және шөлейт экологиясы ғылыми-тәжірибелік институттарына қосылатын болады. Бұл мекеме кластерлерге практикалық және әдістемелік қолдау көрсетіп, ақылы қызмет көрсетеді, тұрғындар мен шаруаларды қысқа мерзімді курстарда оқытады.
«Чорванасл» агенттігіне әр ауданда асыл тұқымды жақсарту бойынша үш жылдық бағдарлама әзірлеу тапсырылды.