COVID-19 пандемия бойынша гендерлік теңдік және әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері талқыланды

    Үстіміздегі жылдың 7 апрелінде Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева «COVID-19 пандемиясы бойынша гендерлік теңдік пен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуді акселераторлары» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел сұхбатына онлайн форматта қатысты. Шараны “БҰҰ- Әйелдер” құрылымы ұйымдастырды.

    Олий Мажлис Сенатының Төрайымы өз баяндамасында қатысушылардың назарын COVID-19 пандемиясынан кейінгі қалпына келтіру аясында жаңа ұрпаққа қатысты саясат, теңсіздік пен зорлық-зомбылықты жою жөніндегі іс-әрекеттер мен инвестициялар мәселелеріне аударды.

    Атап айтқанда, Өзбекстанда гендерлік теңдікті, әйелдерді қолдап-қуаттау мәселелері мемлекеттік саясат деңгейіне көтерілгені атап өтілді. Соңғы жылдары Президент Шавкат Мирзияевтың басшылығымен әйелдердің қоғамдағы жағдайын жақсартуға, олардың мәртебесін арттыру мен әлеуметтік интеграциялауға бағытталған жедел қарқынды реформалар жүргізілуде.

    Қабылданған барлық нормативтік құқықтық құжаттарды міндетті гендерлік-құқықтық сараптамадан өткізу ұсынылды. Жаңа Өзбекстанның 2022-2026 жылдарға арналған даму стратегиясының негізгі бағыты ретінде әйелдерді жан-жақты қолдап-қуаттау, олардың әлеуметтік-саяси белсенділігін одан әрі арттыру мәселелері белгілеп берілген. Әйелдердің білім алуын қолдап-қуаттау, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және оларды қажетті кәсіптерге оқыту, денсаулық сақтау саласын қамтамасыз ету мақсатында 2022-2026 жылдарға арналған Ұлттық бағдарламасы жүзеге асырылуда.

    Әйелдердің құқықтарын насихаттау, олардың мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату үшін мемлекеттік орган ретінде Жанұя және әйелдер мемлекеттік комитеті құрылды.

    Осы шаралардың барлығы еліміздің гендерлік теңдік, әйелдердің әлеуметтік-саяси белсенділігін арттыру мәселелеріне адалдығын растайды.

    Дөңгелек үстел аясында бірқатар шет мемлекеттердің гендерлік теңдік мәселелерімен шұғылданушы мамандарының, сарапшылардың және беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымдары өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.