Қаулыға орай, университеттің негізгі міндеттері болып мыналар белгіленуде:

ақпаратты қорғау, ақпараттық және киберқауіпсіздік, цифрлық технологиялар және цифрлық экономика, жасанды интеллектке негізделген автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйелерді құру, робототехника және тағы басқа да салалар бойынша кадрлар дайындау;

цифрлық технологиялар саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру;

оқу үдерістерін озық шетел тәжірибесі мен заманауи білім беру технологиялары негізінде ұйымдастыру және ашық ақпараттық-білім беру ортасын дамытуға көмектесу;

жастардың білім алуы мен кәсіппен айналысуына қосымша жағдайлар жасау, мемлекеттік органдарды, кәсіпорындарды және басқа да ұйымдарды кадрлармен қамтамасыз етуде іріктеу және қамтуды кеңейту;

оқу және ғылыми жобаларды жүзеге асыруда жетекші республикалық және шетелдік жоғары оқу орындарымен және ғылыми-зерттеу ұйымдарымен, цифрлық технологияларды әзірлеушілермен және тұтынушылармен, басқа да салалық кәсіпорындармен ынтымақтастық жасау;

тиісті білім беру бағыттары мен мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік әдебиеттерді жарату, студенттер мен мамандарды тарта отырып фундаменталды, ғылыми және практикалық зерттеулер жүргізу.