Ертең кіріп келу фонды шығысқа қарай жылжиды. Қарақалпақстан, Хорезм және Бұхара облыстарында жауын-шашын тоқтайды, тек республиканың оңтүстік және орталық аудандарында түнде және таңертең ауа райы тұрақсыз болады. Ферғана аңғарында күндіз жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 3-8°С дейін төмендейді деп күтілуде.

28-29 январь салқын ауа массаларының кіріп келуінде республика бойынша жел жылдамдығы 17-22 м/с дейін күшейеді, 28  январьда Бұхара, Науаи, Қашқадария, Жызақ облыстарында 25-28 м/с дейін, 29  январьда  Сұрхандария, Ферғана, Наманган, Әндіжан облыстарында  17-22 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Жексенбі күні республика бойынша құрғақ және салқын ауа райы сақталады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Ауа температурасы түнде 3°С-2°С жылы , күндіз 3-8°С шамасында болады.

28-29 январьда  тау бөктерінде және таулы аймақтарда жауын-шашын болады, кей жерлерде күшті болуы мүмкін, 30 январьда жауын-шашын күтілмейді. 28-31 январьда еліміздің таулы аймақтарында қар көшкіні жүру қаупі бар, деп хабарлайды Өзбекстан гидрометеорологиялық қызметі орталығы.