“Ўзгидромет“ агенттігінің мәліметінше, бүгін тек Ташкент облысы мен Ферғана аңғары облысының тау бөктерлері мен таулы аймақтарында кей жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай болуы мүмкін.

Демалыс күндері ауа температурасы қайтадан 38-40 градус, оңтүстікте 42 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде. Республиканың тау бөктерлері мен таулы аймақтарында ғана қысқа мерзімді жаңбыр жаууы мүмкін.

Өзбекстанның кей жерлерінде желдің жылдамдығы 13-18 м/с күшейіп шаң-тозаңменболады деп күтілуде. Солтүстік, оңтүстік, шөлейтті аймақтардың кей жерлерінде желдің жылдамдығы 20-22 м/с жетуі мүмкін.

20-22 июньде Ташкент, Әндіжан, Наманган, Ферғана облыстарының тау бөктерлері мен таулы аймақтарында су-сел тасқыны болуы мүмкін.

Ташкентте: жауын-шашын күтілмейді. Бүгін ауа температурасы күндіз 35 градус шамасында болса, сенбі-жексенбіде 37-40 градусқа дейін көтеріледі.