Мемлекеттік кеден комитетінің төрағасы Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысымен ынтымақтастықтың болашағын талқылады

    Мемлекеттік кеден комитетінің төрағасы Акмалхужа Мавлонов басшылығындағы Өзбекстан делегациясы Бельгияда іссапармен жүр.

    Мемлекеттік кеден комитетінің төрағасы сапар аясында Брюссельде өткен Дүниежүзілік кеден ұйымының «Жұмыстағы тыныштық – адам капиталына қамқорлық» деген ұранмен өткен халықаралық конференциясына қатысты.

    Шара аясында Ақмалхужа Мавлоновпен және Дүниежүзілік кеден ұйымының бас хатшысы Кунио Микуриямен екіжақты келіссөздер жүргізді.

    Айта кетейік, тараптар 2021 жылдың ноябрь айында Ташкент қаласыда өткен кездесуде өзара ынтымақтастықтың маңызды бағыттары мен нақты іс-шараларды белгілеген болатын.

    Атап айтқанда, қысқа мерзімде Өзбекстанның Дүниежүзілік Кеден ұйымында тұрақты өкілі тағайындалды. «Сауданы жеңілдету жаһандық бағдарламасы» аясында кадрлар әлеуетін арттыруға бағытталған 10-нан астам іс-шара ұйымдастырылды.

    – Біздің басты мақсатымыз – қызметкерлерге қажетті барлық жағдай жасау, әлеуметтік қорғауды күшейту, – деді Акмал Мавлонов. – Қызметкерге қолайлы еңбек жағдайлары жасалмаса, сол жағдайларды жасау үшін қызметкердің өзі сыбайлас жемқорлыққа баратынын бәріміз білеміз. Осы бағыттағы шетелдік тәжірибені үйрену мақсатында Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Корея, Түркия, Әзербайжан, Грузия және көршілес елдерде болып, әр елдегі қызметкерлердің жұмыс нәтижелілігін арттыру бойынша шетелдік тәжірибелерді жан-жақты үйрендік.

    Өзбекстан тарапы Дүниежүзілік Кеден ұйымымен өзара ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мақсатында бірқатар ұсыныстар айтты.

    Сонымен қатар кадрлар даярлау мен адам ресурстарын дамыту бағыттарында Дүнежүзілік Кеден ұйымы мамандарының Өзбекстан кеден органдары қызметкерлерінің оқу үдерісіне қатысуын күшейту, Дүниежүзілік Кеден ұйымының аумақтық оқу орталықтарында Кеден институттарының профессор-оқытушылары үшін тұрақты тағылымдамадан өтуін жолға қою, Дүниежүзілік Кеден ұйымының кезектегі «PICARD» беделді халықаралық конференциясын Өзбекстанда өткізу ұсынысы жасалды.

    Дүниежүзілік Кеден ұйымында Мемлекеттік кеден комитетінің қызметкерлері аккредитациядан өтуі және тұрақты түрде осы ұйымда жұмыс істеу мәселесі де кездесуде жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, Ұйым аясында халықаралық деңгейдегі үлкен шараларды Самарқант қаласында өткізу ұсынысы жасалды, деп хабарлайды «Дунё» АА.

    Кунио Микурия бұл ұсыныстарды қолдайтынын білдірді.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates