Кездесуде Өзбекстан мен Корея арасындағы ерекше стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту және көпқырлы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.
Кейінгі жылдары өзара серіктестіктің айтарлықтай жоғары деңгейге жеткені, барлық деңгейдегі алмасулар мен диалогтың қарқын алғаны атап өтілді.
Екі ел арасындағы өзара сауда көрсеткіштері тұрақты өсіп келеді. Корея компанияларының Өзбекстан экономикасына тікелей инвестициялары 8 миллиард доллардан асты.
Елімізде Кореяның жетекші жоғары оқу орындарының 4 филиалы мен аймақтарда кәсіби білім беру орталықтары табысты жұмыс істеуде.
Кореяның Халықаралық ынтымақтастық агенттігі, Эксимбанкі және оның қорларымен көп жылдан бері жемісті серіктестік орнатылып, жобалар портфелі 3,5 миллиард долларға жеткені жоғары бағаланды.
Маңызды шикізат ресурстарын терең қайта өңдеуді, химия, машина жасау, ауыл шаруашылығы, көлік, авиация, биотехнология және өзге де басым бағыттардағы жобаларды ілгерілетуге бағытталған жаңа ұзақ мерзімді Технологиялық және өнеркәсіптік әріптестік бағдарламасын дайындау жөнінде келісімге қол жеткізілді.
Осы тұрғыда Үкіметаралық комиссияның алдағы отырысын нәтижелі өткізу маңыздылығы атап өтілді.
Аймақтық, соның ішінде «Орталық Азия – Корея Республикасы» форматындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша да пікір алмасылды.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы Корея Президентін мемлекеттік сапармен Өзбекстанға келуге шақырды.