Пікірлесудің басты мақсаты аяқ киім өндірісінде жаңа ұрпақ аяқ киімінің табанын шығаруды көздейтін былғары-аяқ киім өнеркәсібіндегі жаңа инвестициялық жоба болды.
Жиналысқа Өзбекстан Республикасы Экономика және қаржы министрлігі, Түркиямен үкіметаралық комиссиясы және ATБ Халық банкінің өкілдері де қатысты.
Ақпарат ретінде, «El Taban Deri Sanayi Ticaret Lmt Şrt» аяқ киім өндіретін компания, 2017 жылы Стамбұлда құрылған. Аяқ киімнің табанын шығаратын компания ретінде ішкі базарда да, шетелде де көптеген тұтынушыларды тартып келеді. Компания Полиуретанды табан, Резеңке табан (каучук), TPU сыртқы табаны, EVA табан, Термо табан сияқты өнімдерді шығарады.
Қазіргі уақытта жаңа зауыт салу үшін жер алу, сондай-ақ жобаны қаржыландыру мәселелрі бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде.
Жиында үкімет пен коммерциялық банк өкілдері инвестициялық жоба мен оның жүзеге асырылу кезеңдерін, оның құндылығы мен елімізге тигізетін экономикалық пайдасын жан-жақты зерделеді, деп хабарлайды «Узчармсаноат» бірлестігінің баспасөз қызметі.
Алдын ала болжам бойынша жобаның құны 2,1 миллион долларға бағаланып отыр. Оны жүзеге асыру арқылы Ташкент облысында ондаған жаңа жұмыс орындары ашылады. Өзбекстанда аяқ киім табанының жаңа түрлерін шығаруды дамыту және аяқ киімнің өзіндік құнын да төмендетеді. Жаңа кәсіпорында шығару жоспарланған өнім тек Өзбекстан базарының сұранысын қанағаттандырып қана қоймай, Түркия мен Еуропаға а экспортталады.