«Kuangda auto parts» Өзбекстанды инвестиция салу үшін қолайлы жер деп санайды

    «Узчармсаноат» бірлестігінде “Kuangda Technology Group” құзырындағы «Kuangda auto parts» ЖШҚ-ның бас директорымен кездесу өтті. Сұхбатта компания тарапынан елімізде жүзеге асырылуы жоспарланған инвестициялық жоба аясында жасанды былғары өндіретін кәсіпорынды ашу болашағын талқылады.

    Алдымен, шетелдік компанияға еліміздің былғары өнеркәсібінде жүргізіліп жатқан реформалар, өндіріс, инвестиция, экспорт көрсеткіштері туралы тұсаукесер өткізілді. Еліміздің 16 аймағындағы мамандандырылған индустриялық аймақтардың қызметі туралы ақпарат ұсынылды.

    Ақпарат ретінде: «Kuangda auto parts» ЖШҚ өз қызметін 1993 жылы Қытай мен Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастықта бастаған. Кәсіпорын негізінен экологиялық синтетикалық былғары, орындық жапқыштары, автокөліктердің ішкі интерьері үшін тері емес және жасанды былғары, қосалқы бөлшектер шығарады.

    Автомобильдерге композиттік өңдеумен айналысады. Өнеркәсіптік тізбегі интеграциясының артықшылықтарына сүйене отырып, компания тұтынушыларға автомобиль интерьеріне арналған комбинацияларды ұсынып келеді.

    Өткен жылдан бері компания «UzAuto» компаниясымен бірлесе отырып, елімізде жаңа инвестициялық жобаны жүзеге асырумен айналысуда. Бұл жоба үш басқышта инвестиция әкелінеді. Бастапқыда ломинант, тері емес материалдар және қосалқы бөлшектерді шығару жоспарланған. Үшінші кезеңде жасанды былғары өндірісі жолға қойылады.

    Айта кету керек, Өзбекстанда автомобиль жасау, былғары-аяқ киім өнеркәсібінде синтетикалық былғарыға сұраныс жылдан-жылға артып келеді. Сондықтан «Kuangda auto parts» ЖШҚ мұнда жасанды былғары шығаруға мамандандырылған кәсіпорын құруды мақсат етіп отыр.

    Кездесуде аталмыш жобаны жүзеге асырудың ұйымдастырушылық, құқықтық және қаржылық жақтарын жан-жақты қаралды, деп хабарлайды «Узчармсаноат» бірлестігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates