Бұл конференцияларға «Узчармсаноат» бірлестігіне мүше 15-тен астам кәсіпорын 150 түрдегі өнім үлгілерімен қатысуда. Биылғы көрмеге жергілікті кәсіпорындар ерекше дайындық жұмыстарын жүргізді. Өз брендтерін халықаралық аренада таныту мақсатында күзгі маусымға арналған аяқ киімнің, былғарыдан жасалған бұйымдардың, былғары аксессуарлардың жаңа үлгілері ұсынылуда.

 Сондай-ақ ұжымдық стендтен биыл былғары-аяқ киім өнеркәсібінде жаңа ұрпақ шикізаты саналатын ТЕР түйіршіктері, аяқ киім табаны, химиялық заттар орын алды.

Көрменің бірінші күнінен бастап Өзбекстан кәсіпорындары Қазақстан және Түрия компанияларымен нәтижелі байланыс орната бастады. Шикізат жеткізуден бастап, дайын өнімді шетелге экспорттауға дейінгі мәселелер бойынша серіктестермен тиімді келісімдерге қол жеткізді.

Атап айтқанда, «Үлкен-Лазиз» ЖШҚ Түркияның ірі компаниясымен арнайы аяқкиім өндірістік кәсіпорындарына жеткізіп беру бойынша 1,5 миллион долларлық экспорттық келісімге қол жеткізді. Ендеше кәсіпорын шығарған арнайы аяқ киімдер Қазақстан мен Түркияның өнеркәсіптік тармағына жеткізіледі.

 «Узчармсаноат» бірлестігі мен Халықаралық елтірі федерациясы арасында өткен диалог барысында Өзбекстанда өндірілген қаракөл өнімдерін халықаралық аукциондарда сату, әлем базарында өзбек қаракөлі брендін кеңінен насихаттау бойынша атқарылатын жұмыстар жөнінде пікір алмасылды. Сондай-ақ, Ресейдің елтірі кеңесімен күзде өтетін «UzCharmExpo-EurAsia-2023» халықаралық көрме алаңынан 100 квадрат/ метр алаңды сатып алу бойынша келісімге қол жеткізілді.

 «Black Gator» кәсіпорны мен Түркияның «Jero Textile» компаниясы арасындағы өткен диалог барысында еліміздің компаниясы Түркия компаниясы үшін былғары бұйымдарын “Аutsorsing” негізінде өндіру бойынша алғашқы ынтымақтастық келісіміне қол жеткізді.

Осы екі көрмеде Өзбекстан кәсіпорындары көптеген мүдделі және нәтижелі сұхбаттар жүргізіп, өз бизнес пакеттерін жаңа келісім-шарттар мен келісімдерге байытты, деп хабарлайды “Узчармсаноат” бірлестігінің баспасөз қызметі.