Делегациямыздың қатысуын Өзбекстан Республикасының Туризм комитеті мен «Ұлттық ПР-орталығы» мемлекеттік унитарлық кәсіпорны ұйымдастырды. Көрме барысында жетекші халықаралық туристік компаниялары әмбебап бағыттардың ең үздіктері ұсынылып, барлық сала мен сегменттердегі туризмді дамыту стратегиялары мен бағдарламалары бойынша тәжірибе мен идеялар алмасады.
Көрме барысында делегациямыз өкілдерінің Түркияның және тағы басқа да елдердің ірі туристік компанияларымен, ұйымдарымен «В2В» форматында өткізген іскерлік кездесулері Өзбекстанның іскер топтары мен шетелдік серіктестер арасында тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Халықаралық көрме күндерінде делегациямыз мүшелері жаңа туристік өнімдерді көрсетеді, сондай-ақ үстіміздегі жылдың ноябрь айында Ташкентте өтетін TXTЖ-2024 Ташкент халықаралық туристік жәрмеңкесіне қатысуы бойынша елдер мен ірі ұйымдардың серіктестерін тарту бойынша келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Туризм комитетінің баспасөз қызметі.
Ақпарат ретінде: EMITT – жыл сайын Стамбұлда өтетін Шығыс Жерорта теңізі аймағындағы ең ірі халықаралық туристік және саяхат көрмесі саналады. Әлемдегі ең үздік бес саяхатшылық көрмелердің бірі ретінде EMITT әр жылы әлем бойлап саяхатшылық қызмет көрсету компаниялары мен бағыттарындағы жаңа және қызықты саяхат мүмкіндіктерін іздейтін ондаған мың сала мамандары мен туристерді өзіне тартады. Көрмені Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі, TOBB, Tүрік Әуе жолдары, Стамбұл муниципалитеті қолдап-қуаттауда.