Енді Ташкент қаласы мен Ташкент облысы үшін “пропискаға” орналастырудың арнайы тәртібі болмайды.

    Заң шығару палатасында «Өзбекстан Республикасы азаматтарын, шетел азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу және тұрғылықты жері бойынша хабардар ету тәртібі туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралып жатыр.

    Заң жобасы Өзбекстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 8 майдағы « Жаңа редакциядағы Өзбекстан Республикасы Конституциясын жүзеге асыру бойынша бірінші кезектегі іс-шаралар туралы» Жарлығының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында әзірленіп, республикамызда тұрақты жасау орны және уақытша орналасқан жер бойынша тіркеуге алудың бірыңғай тәртібін енгізуге бағытталған.

    Жаңа редакциядағы Конституцияның 32-бабында Өзбекстан Республикасы аумағында заңды түрде тұратын әрбір адамның ел аумағында еркін жүріп-тұру, өзінің тұрғылықты жерін таңдау құқығы бекітілгені баршаға белгілі.

    Өткен қысқа мерзімде Президент Шавкат Мирзияевтың бастамасымен халқымызды көп жылдардан бері мазалап келген, ескінің жұрнағы болған прописка жүйесін жою, бұл ретте түрлі бюрократиялық кедергілерді алып тастау, атап айтқанда, пропискасыз азаматтарды жұмысқа алғандық үшін жұмыс берушінің жауапкерлігін жою бойынша маңызды тарихи реформалар жүзеге асырылды.

    Азаматтарды тұрғылықты жері немесе уақытша жасау орны бойынша тіркеу ішкі істер органдарымен бірқатар мемлекеттік қызмет көрсету орталықтары арқылы немесе онлайн режимінде жүзеге асырылады. Алуы қиын болған шетелге шығу стикері жойылып, оның орнына биометриялық төлқұжат, сондай-ақ ел ішінде ІD карта енгізілді.

    Бүгінде азаматтарымыз еліміздің түкпір-түкпірінде емін-еркін жүріп-тұруда, соның ішінде Ташкент қаласы мен облысынан тұрғын үй сатып алу, жұмысқа тұру, медициналық және басқа да әлеуметтік қызметтерді кедергісіз пайдалануда, шетелдерге еш қиындықсыз барып келуде.

    Өз кезегінде, азаматтарды тұрақты тұрғылықты жері және уақытша тұратын жері бойынша тіркеу жүйесі тұрғындар статистикасын жүргізуде, аумақтар инфрақұрылымын қалыптастыруда, зейнетақы, медициналық көмек, әлеуметтік және мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жоспарлауда, қолда бар ресурстар мен қаражатты дұрыс бөлуде, тұрғындардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуде, әскери есепке алуды жүргізуде маңызды болып отыр.

    Бүгінде қолданыстағы « Ташкент қаласы мен Ташкент облысында тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуде тұруы тиіс тұлғалар — Өзбекстан Республикасы азаматтары санаттарының тізімі туралы» Заңға байланысты, азаматтарды Ташкент қаласында және Ташкент облысында тұрақты немесе уақытша тіркеуден өткізуде бюрократиялық кедергілер орын алуда.

    Бұл заң жобасымен жоғарыда аталған Заңның күшін жою және азаматтарды республикада жасау орны бойынша тіркеудің бірыңғай тәртібін енгізу, сондай-ақ уақытша жасау орны бойынша тіркеу тәртібін жетілдіре отырып, тұрғылықты жері бойынша хабарлау жүйесін енгізу ұсынылуда.

    Енді Ташкент қаласы мен Ташкент облысы үшін арнайы, ал басқа облыстар үшін жеке тіркеу тәртібі болмайды, мұндай тәжірибеден бас тартылады, республиканың барлық аумағында бірдей тәртіп қолданылады.

    Бұдан тыс, халықтың әлеуметтік қорғауды қажет ететін жекелеген топтарына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекстің 223-бабында айқындалған төлқұжат жүйесі ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікті либералдандыру ұсынылып отыр.

    Атап айтқанда, он сегіз жасқа толмаған, алпыс жастан асқан немесе толықтай мемлекет қамсыздандыруында болған, сондай-ақ жазаны орындау мекемесінде жазаны өтеген, сондай-ақ төтенше жағдайлардың, тұрғын немесе тұрғын емес нысандардың өрттенуі, құлауы, көлік құралдары жануы сияқты оқиғалар туындағаны салдарынан жәбірленген тұлғалар енді төлқұжат жүйесі ережелерін бұзғаны үшін жауапкершіліктен толығымен босатылады.

    Депутаттардың айтуынша, заң жобасының қабылдануы еліміздің азаматтары мен қонақтарын тіркеу тәртібін біртұтас жанасу негізінде реформалауға, әлеуметтік қорғауды қажет ететін буын санатының құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ құқықбұзушылақтар профилактикасы шараларын оңтайландыруға қызмет етеді.

    Мәжілісте Заң жобасын депутаттар бірінші оқылымда қабылдады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates