Теміржол вокзалдарына келушілер енді вокзал аумағына оңайлатылған тәртіппен, яғни жеке басын куәландыратын құжатсыз кіре алады.

Жолаушылар платформасына пойыз билеттері бар жолаушылар, сондай-ақ жүріп-тұруы шектеулі науқастарды немесе егде жастағы жолаушыларды қадағалап, қарсы алатын азаматтар жеке басын куәландыратын құжатпен өте алады.

Перрон-платформасына және жолаушы тасымалдайтын вагондарға билеті жоқ тұлғалар, сондай-ақ билеттегі мәліметтер жолаушының жеке басын растайтын құжаттардағы мәліметтерге сәйкес келмейтін азаматтар жіберілмейді.